Президентіміздің айналасына топтасуымыз қажет – Әшімбаев

10 Қаңтар 2022, 09:55
1216
Бөлісу:
Президентіміздің айналасына топтасуымыз қажет – Әшімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – елімізде аза тұту күні. Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев еліміздегі аза тұту күніне орай фейсбуктегі парағында Мемлекет басшысының айналасына топтасу керегін жазды.

Құрметті достар! Соңғы күндері еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалар салдарынан біраз азаматымыздан айырылып қалдық. Соған байланысты Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Парламент Сенатының және жеке өзімнің атымнан қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектеспіз. Мемлекет басшысының батыл әрі уақтылы шешімдері Қазақстанның бейбіт және қалыпты өмірге тез оралуына мүмкіндік береді, – деді ол.

Мәулен Әшімбаев атап өткендей, осындай күрделі кезеңде біз Президентіміздің айналасына топтасуымыз қажет. Бұл – жағдайды тұрақтандыру, экономиканы қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру және барлық салада жаңа реформаларды іске асыру үшін маңызды қадам.

Өзгелердің жаңалығы