Президент Жолдауда еңбекқор әрі кәсіби маман ең сыйлы адам болу керектігін айтты – Нүркен Аралбеков

2 Қыркүйек 2022, 10:58
2498
Бөлісу:
Президент Жолдауда еңбекқор әрі кәсіби маман ең сыйлы адам болу керектігін айтты – Нүркен Аралбеков

Аймақтағы қоғамдық даму басқармасының отбасы және жастар мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Нүркен Аралбеков мемлекет басшысының Жолдауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Түркістан облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Бөлім басшысының пікірінше, Жолдауда әлеуметтік және экономикалық саясаттың арасындағы тепе-теңдік сақталған. Мысалы, «балық берме, қармақ бер» принципі ескеріле отырып, ел болашағына арналған стратегиялық дамудың нақты бағыттары көрсетілген. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда жастар мәселесін айтып өтті. 2022 жылы Түркістан облысы бойынша отыз мыңдай түлек мектеп бітіріп шықты. Түлектер жоғары оқу орнына түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеуде жинаған балына және басқа да көрсеткіштер бойынша 30-100% мөлшерінде гранттарды бөлу қарастырылатынын және студенттерге оқу ақысын төлеу үшін жылдық 2-3% пайыздық жеңілдетілген несиелер беріледі деп айтуы меніңше үлкен мүмкіндік. Сондай-ақ, Президент мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі арқылы жаңа жатақханаларды салып, студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуді де айта кетті. Бұл қалалық жерде баспанасы жоқ студенттер үшін өте қолайлы болмақ, - дейді Нүркен Бауыржанұлы. 

Оның сөзінше,  жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5% пайыз болатын шағын несие беріледі.

Аймақта ауыл жастары көп, сол себепті Ел Президенті ауылшаруашылығын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілін дайындауды ұсынуы жағымды жаңалық болды. Егер осы жоба жүзеге асырылатын болса ауыл шаруашылығы саласында жүрген жас кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндік берері сөзсіз. Сонымен бірге, Жолдауда 2023 жылы еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы 100 мың жастың жұмыспен қамтылатындығы да айтылды, - дейді бөлім басшысы Нүркен Аралбеков.

Түркістанда 500 мыңға жуық жастар саны бар, ол халықтың 23 пайызы деген сөз, ал 81  пайызын ауыл жастары құрайды. Өңірде екі жоғары оқу орны (Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Халықаралық туризм және меймандостық университеті) бар және 54 колледж орналасқан.  

Мемлекет басшысы еңбекқор адам яғни кәсіби маман ең сыйлы адам болу керектігін айтып өтті. Расында мұндай азаматтар мемлекетімізді дамыта түседі. Сондықтан, бүгінгі жастар жоғары білімді, саналы және бәсекеге қабілетті болғаны жөн. Елдің ертеңі білімді жастардың тізгінінде. Президенттің жастарға жасайтын қолдауы арқасында жоғары білімге қол жеткізу, кәсіби маман ретінде қалыптасу – мемлекет іргетасын қалайтын жастарға берілген үлкен мүмкіндік, - дейді ол. 

Өзгелердің жаңалығы