Президент жол саласындағы шенеуніктерді жұмысынан босатты

20 Сәуір 2021, 10:45
895
Бөлісу:
Президент жол саласындағы шенеуніктерді жұмысынан босатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикалық және жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын ретке келтіру жалғасып жатыр. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-і парақшасында жазды.

Осы саладағы жұмыстарды және бақылауды босаңсытып алғаны үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С.Бармақов, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары Т.Шәкімов, И.Турков және Н.Қалауовтар қызметінен босатылды, - деді ол.

Үкімет, әкімдер, құқық қорғау органдары бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуының алдын алу, жол құрылысы саласындағы келеңсіздіктерді жою үшін шаралар қабылдап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы