Президент тапсырма бермесе отыра бересіздер ме? - Жамаубаев сынға жауап берді

10 Қазан 2023, 17:24
1154
Бөлісу:
Президент тапсырма бермесе отыра бересіздер ме? - Жамаубаев сынға жауап берді
Фото: Үкімет

Президент тапсырма бермейінше неге ешкім жұмыс істегісі келмейді. Үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президентке ұлы рельсте қаза тапқан әйел хабарлама жазған. Министрлерге неге жету мүмкін емес, қазіргі таңда Президент нақты істерге жауап беруге, реакция жасауға, тапсырма беруге мәжбүр? Үкімет басшыларының бірі ретінде сізге сұрақ, сіз министрлермен жұмыс істейсіз. Президент тапсырма бермейінше, бізде ешкім жұмыс істегісі келмейтін сияқты...., - деп журналистер сұрақ қойды вице-премьерге.

Мен олай ойламаймын. Әркім өз ісімен айналысып жатыр. Тиісті құқық қорғау органдары Мемлекет басшысы бұл істі тапсырмас бұрын, қолға алды деп ойлаймын. Президент бұл істі неге өз қадағалауына алды? ... Бұл жерде студенттің неден қаза болғаны түсініксіз болып тұр. Бұл жерде ешкім әрекет етпеді деп айтпас едім. Оқиғадан кейін реакция болды, бәлкім сіздерге жетпеген шығар. Қазірдің өзінде Ішкі істер министрлігі бұл мәселе бойынша тығыз жұмыс істеп жатыр. Бұл қалыпты құбылыс, – деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев.

БАҚ өкілі Жамаубаевтан министрлердің реакция жылдамдығын 5 балдық жүйе бойынша бағалауды сұрады.

Мұны бағалау мүмкін емес шығар. Бірақ жедел жауап болды. Үкімет отырысына министрлер қатысып, әрдайым келе бермейді.  Кей адамдардың немесе органдардың тиімділігін өзіңіз бағалай аласыз ба. Менің ойымша, әркім өз ісімен айналысып жатыр. Егер қолдарынан келмесе, онда басшылық тарапынан белгілі бір шешім болады, - деп түйіндеді Жамаубаев.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Қасым-Жомарт Тоқаев Щучьедегі студенттің өлімін жан-жақты тексеруді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы