Президент сайлауы. Жигули Дайрабаев лингвистика емтиханын сәтті тапсырды

8 Қазан 2022, 18:12
1373
Бөлісу:
Президент сайлауы. Жигули Дайрабаев лингвистика емтиханын сәтті тапсырды

Ел президенттігіне «Ауыл» халықтық-демократиляқ патриоттық партиясының атынан ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаев мемлекеттік тіл емтиханынан өтті, деп жазады BAQ.KZ   тілшісі.

Дайрабаевқа берілген тақырып  -  «Менің елім, менің жерім» деп аталды.Екінші тапсырмасына Абайдың өлеңін мәнерлеп оқыды.

Үшінші тапсырмасы еркін тақырып болды. Шығарма жазып, комиссия мүшелеріне  «Күшіміз - бірлікте»  тақырыбында ойын жеткізді.

Комиссия «Жигули Дайрабаев мырза мемлекеттік тілді еркін меңгерген» деген қорытынды жасады, - деді лингвистика комиссиясының мүшесі Дихан Қамзабек.

Өзгелердің жаңалығы