Президент сайлауы. Украинада сайлау учаскесі ашыла ма? - СІМ жауабы

14 Қараша 2022, 17:12
973
Бөлісу:
Президент сайлауы. Украинада сайлау учаскесі ашыла ма? - СІМ жауабы

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров апталық баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, Қазақстан Украинадан сайлау учаскесін ашпау туралы шешім қабылдаған. 

Украинадағы жағдайға байланысты бұл жолы біз  сайлау учаскесін ашпадық. Сондықтан егер азаматтар дауыс бергілері келсе, көршілес Молдова, Польша мемлекеттеріне барып, сол жерден өз дауыстарын берулеріне болады. Бірақ ол үшін алдын ала елшілікке хабарласып, ескертулері керек. Бұл бюллетень дайындау үшін қажет, - деді ведомствоның ресми өкілі. 

Еске сала кетейік, бұған дейін әлемнің 53 еліндегі 68 сайлау учаскесінде 12 мыңнан астам отандастарымыз дауыс беруге мүмкіндігі бар екендігі туралы айтылған болатын. 

Белгілі болғандай, сайлауды 8 халықаралық ұйым бақылайды. Олар: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару Комитеті, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Парламентаралық ассамблеясы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік ассамблеясы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Түркі мемлекеттерінің Парламенттік ассамблеясы.

Өзгелердің жаңалығы