Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

1 Қараша 2022, 16:38
1160
Бөлісу:
Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Бүгін Президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова оңтүстіктегі екінші өңір – Түркістан облысында болды.  Мұнда ол ең алдымен 1100-ге жуық адам еңбек ететін Кентау трансформатор зауытына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зауыт - ТМД-дағы трансформаторлық жабдықтарды шығаратын ірі кәсіпорындардың бірі. 

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Зауыт – бұл ең алдымен жұмыс орны.  Сіз белгілі бір түпкілікті өнімді жасай отырып, маңызды жұмыс атқарыып жатасыз.  Сіздердің еңбектеріңіз елдің жалпы ішкі өнімінде тікелей көрініс тауып отыр.  Сіздер экономикалық белсенді халықсыздар.Айта кету керек, зауытта жұмыс жасап жүргендер тек ер адамдар емес. Кәсіпорынның жетістіктеріне әйелдер де үлкен үлес қосады, - деді кандидат.

Тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар ашу керек

Президенттікке үміткер Қарақат Әбден Есік қаласының сайлаушылармен кездесу өткізді. Сайлауалды жиынға жергілікті тұрғындар, мектеп дейінгі білім беру мекемелерінің мамандары қатысты. 

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Балалар қауіпсіздігі басты назарда болуы керек. Балалардың жағдайын жасау үшін күндіз-түні жұмыс істейтін ата-аналар бар. Бірақ олар көп жағдайда балаларын қалдырып кететін жер таба алмай қиналады. Сондықтан тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар ашу керек деп ойлаймын. Сайлаушылар тарапынан бұл мәселе қолдау тапты.Бұл шешімнің бірден-бір артықшылығы – мәселе шешімі үлкен қаражат жұмсауды қажет етпейді, - деп жеткізді Әбден. 

Қорғаныс өнеркәсібін құру бағдарламасы жан-жақты қолдауға ие болуы тиіс

Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Семей қаласында жалғасты. 

Алғашқы аялдама «Семей инжинеринг» зауыты болды.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Зауыт қызметкерлері үміткердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қалай жүргізуді жоспарлап отырғанын сұрады. 

Тіпті сыбайластардың арасында достар болса да, өте қатал жүргіземін, - деді Мейрам Зекешұлы.

Кандидат қазіргі уақытта сыртқы қауіптердің төнуі мәселесі күрделі жағдайда, ұлттық қауіпсіздік, оның ішінде қорғаныс бағытын нығайту - өте өзекті екенін айтты.

Біздің армиямыздың қару-жарағын жаңғырту, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы, кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру мәселелерін шешу өте маңызды. Сондай-ақ қазақстандық қорғаныс өнеркәсібін құру бағдарламасы жан-жақты қолдауға ие болуы тиіс- деді кандидат.

Дайрабаев Қарағанды ботаникалық бағының жойылуына жол бермейді

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Қарағанды облысында болып, «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің қызметімен танысты. 

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Ботаникалық бақ, зерттеу орталығы сияқты, қазақстандықтар, әсіресе Қарағанды тұрғындары үшін маңызды нысан. Бұл жерлерді кәсіпорыннан қаланың келесі көпқабатты үйлері немесе тұрғын үй алаптарын салу үшін алуға болмайды. Мен ғылыми-зерттеу, ағартушылық және зерттеу мақсатында тірі өсімдіктердің коллекциялары зерттелетін және көрсетілетін аумақты жоюмен мүлдем келіспеймін. Технологиялардың дамуымен және адамзаттың жаңа жетістіктерімен өсімдіктерді және олардың ауруларды емдеудегі мүмкіндіктерін терең зерттеу бұрынғыдан да өзекті болып қала береді, – деді Жигули Дайрабаев.

2022 жылдың 1 қарашасында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан ҚР президенттігіне үміткер Нұрлан Әуесбаев Шымкент қаласы Қазығұрт шағын ауданында сайлаушылармен кездесу өткізді.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Жиын №66 мектептің акт залында өтті. Іс-шара барысында үміткер жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасы жайында баяндап берді.

Аудитория алдында сөз сөйлеген Әуесбаев Қазақстандағы басты мәселе адал бизнесті тұншықтыратын, экономиканың дамуына жол бермейтін, халықтың әл-ауқатына кері әсер ететін жаппай сыбайлас жемқорлық екенін атап өтті.

Елде бенефициарлары қайта өңдеу салаларын дамытуға мүдделі емес корпоративтік, олигархиялық экономика қалыптасты. Нәтижесінде, Әуесбаев айтқандай, жекелеген адамдар байып, миллиондаған адам кедейшілік жағдайында өмір сүріп жатыр.

Президенттікке үміткердің пікірінше, егжей-тегжейлі тергеу жүргізіп, ұрланған және оффшорларға шығарылғанның бәрін қазақстандықтарға қайтару қажет.

Сонымен қатар Нұрлан Әуесбаев тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде, 90-шы жылдары, көптеген ірі кәсіпорындардың күлкілі сомаға жекешелендірілгенін айтты. Сондықтан да ол өзінің сайлауалды бағдарламасында осындай компаниялардың акцияларын халыққа өткізу туралы мәселені қарастырады. Бұған IPO арқылы қол жеткізуге болады. ЖСДП-дан үміткер активтерді ұлттық экономиканың жаңа негізіне айналуы тиіс орта бизнес өкілдері арасында бөлу керек деп есептейді.

Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды бағдарламасында саяси реформалар жүргізу қажеттілігі туралы да айтылады. Елге тек олигархтардың ғана емес, халықтың әртүрлі топтарының қызығушылықтарын қорғайтын күшті бір палаталы парламент қажет.

Өзгелердің жаңалығы