Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

30 Қазан 2022, 16:02
1954
Бөлісу:
Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?
PHOTO

Бүгін президенттікке үміткер Қарақат Әбден  Семей қаласында сайлаушылармен кездесіп, әлеуметтік қызметкерлер күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік қызметтің еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін мен жақсы білемін. Көп жағдайда әлеуметтік қызметкерлердің қиын жұмысы көпшілікке көрінбейді. Сондай-ақ бұл салада еңбек ететін жандардың 90% әйелдер қауымы құрайды. Жалпы, әлеуметтік қызметкерлердің жұмысына мемлекет тарапынан көбірек көңіл бөліну керек деп санаймын, – деді ол.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Жиын барысында президенттікке үміткер Қарақат Әбден көпшілікпен сұрақтар мен ұсыныстарды талқылады.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

2022 жылдың 30 қазанында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан ҚР президенттігіне үміткер Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы Қоянды ауылында болып, сайлаушылармен кездесті.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Кездесу барысында үміткер жиналғандарды өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Әуесбаевтың пікірінше, қатардағы қазақстандықтар жыл өткен сайын кедейлене түсуде. Азық-түлік бағасының ұдайы өсуі қалыпты жағдайға айналды. Қарапайым халықтың несиеге деген тәуелділігі күн санап күшейіп барады. Ұлттық банк болса, халықты емес, банкирлерді байытып, базалық мөлшерлемені жоғарылатуда. 

Үміткер Ұлттық банк саясатын қайта қарастыру қажеттігін мәлімдеді. Басты назарда олигархат қызығушылығы емес, халық жағдайы тұруы тиіс. 

Айтқандай, Қоянды елордаға жақын орналасқанына қарамастан, өңірде жол жағдайы, ауыз су жоқтығы секілді әлі де шешілмеген бірқатар мәселелер бар.

Соған қарамастан кент – әкімдердің тікелей сайлануының өңірдің өміріне оң әсер ететіндігінің жарқын мысалы. Биыл Қоянды әкімі болып жергілікті тұрғын, қандас Бақытхан Солтанбай сайланды. Сөйтіп, мәселелер шешіле бастады. 

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Нұрлан Әуесбаев атап өткендей, партия барлық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды енгізуді көптен бері талап етіп келеді. Ауылдардың мысалы қала мен облыстар әкімдерінің сайлануын енгізуді жеделдету қажеттігін көрсетеді. Сонда ғана жергілікті атқарушы органдар халықтың игілігі үшін жұмыс істейтін болады. 

Жигули Дайрабаев отандық май өндірісі дамыту бойынша ұсыныстарын айтты

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Ақтөбе облысындағы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Бүгін кандидат Хромтау ауданындағы «АКМЭЗ» ЖШС май экстракциялық зауытына барып, өндіріс ошағының тыныс тіршілігімен танысты.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Май өнеркәсібі бүгінде өсімдік майына деген сұраныстың артуына байланысты агроөнеркәсіптік кешеннің неғұрлым перспективті және тез дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады. Дайын өнім қазақстандықтардың ғана емес, бүкіл әлемдегі сатып алушылардың тұтыну қоржынында ерекше орын алады.

Кездесу барысында Жигули Дайрабаев саланы дамыту үшін қолға алынуы тиіс бастамаларға тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде аграрлық салада тепе-теңдік жоқ. Кезінде ішкі өңдеуді дамыту үшін шектеулер енгізілген.

Май экспортына енгізілген кез-келген шектеулерді алып тастау керек. Осылайша отандық зауыттардың өндірістік жүктемесі артып, бәсекелестік орнайды.  Сонымен қатар, күнбағыс тұқымдарының экспортын  өндіріс көлемінің 40% деңгейінде белгілеген дұрыс. Бұл шара май зауыттары мен экспорттаушылар арасында ақылға қонымды бәсекелестік құруға мүмкіндік беріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізеді, өйткені кей жағдайларда квоталарды нақты май тұқымы жоқ компаниялар алып, үшінші компаниялар экспортқа жіберген, – дейді Жигули Дайрабаев.

Өсімдік майы бағасының өсуіне байланысты май өңдеу саласында отандық өндірісті дамыту мәселесі өте өткір тұр. Өз кезегінде кандидат еліміздегі зауыттар өндіріс көлемін арттырып, экспортқа бағытталған дақылдарды отырғызуға тиіс деген пікірде.

Қазақстандық фермерлерді мемлекеттік қолдау аясында ұсынылған субсидиялардың арқасында өнім, тұқым сапасы, көлемі біршама артты. Біз осы бағыттағы жұмысты белсенді жалғастыруымыз тиіс. Сондай-ақ, саладағы мамандардың білікітілігіне ерекше назар аударатын кез келді. Өндіріс ошақтарында заманауи технологияларды енгізіп, қызметкерлерді жоғары деңгейде дайындауымыз керек. Осылайша ғана оңтайлы нәтижеге қол жеткізуге болады, – деп атап өтті кандидат.

Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен облыстық сайлауалды штабтармен zoom-конференция өткізді

Өз кезегінде зауыт өкілдері Жигули Дайрабаевтың бастамаларын қолдап, жаңашылдыққа ашық екендіктерін жеткізді. Мамандар ауыл шаруашылығы саласындағы түйткілді мәселелерді шешу үшін кандидатпен, «Ауыл» партиясының мүшелерімен бірлесе әрекет етуге дайын.

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен облыстық сайлауалды штабтармен zoom-конференция өткізді. Үміткер үш облыста өткен сапар нәтижелері, республиканың ірі кәсіпорындарының қызметкерлері, студенттер, жас кәсіпкерлер және кәсіподақ мүшелерімен өткен кездесулер жайлы айтты.

Өз кезегінде, сенімді тұлғалар өңірлердегі штабтар жұмыстары туралы есеп берді. Онлайн-кездесу барысында сайлау науқанының барысы мен кандидаттың жоспарланған сапарларына қатысты бірқатар мәселелер көтерілді.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Күннің екінші жартысында М.Қажыкен кәсіподақтар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар әлеуметтік әріптестік, еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу тақырыптарын талқылады.

Тараптар бүгінгі таңда үш қатысушы – Үкімет, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар бірлестіктері қол қоятын басты келісім, қызметкерлердің мүдделерін жеткілікті деңгейде қорғауды қамтамасыз етпейтінін мәлімдеді.

М. Қажыкеннің айтуынша, әлеуметтік әріптестік – азаматтық қоғам факторларының бірі болып табылады.

Әлемдік тәжірибеде екі тарап – жұмыс беруші мен қызметкердің пікірлері бір жерден шықпаса, онда талқылау барысында олар өзара тиімді шешімдерге қол жеткізеді. Осыдан соң олар заң жүзінде, белгілі бір нормалар мен ережелерді қабылдау үшін мемлекетке тең серіктес ретінде көмекке жүгінеді. Бұл біз алдағы уақытта қол жеткізетін, тараптардың қарым-қатынасының жаңа форматы болмақ. Алайда бұл қиын жол, себебі көптеген кәсіпкерлер жұмысшыларға сенбейді және болашақ қызметкерлер де жұмыс берушілерге көп жағдайда сене бермейді. Мұның барлығы өткенде қалуы тиіс, біз бұл тәжірибеден біртіндеп бас тартуымыз керек, - деп атап өтті Президенттікке кандидат.

Айта кетейік, 2021 жылдың көктемінде ҚР Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері және кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері арасында 2021-2023 жылдарға арналған Басты келісімге қол қойылған еді. Құжаттың негізгі міндеттері – жұмысшыларға қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау.

Мен үшжақты келісімнің әлеуеті зор деп санаймын, алайда өкінішке орай, бүгінде ол өзінің мүмкіндіктерін толық пайдалана алмай отыр. Мейрам Қажыкеннің бағдарламасында маған әлеуметтік әріптестік саласындағы мәселелерді шешу үшін, кандидаттың нақты қадамдар ұсынғаны ұнады. Бүгін біз Үкіметтен де, жұмыс берушіден де тәуелсіз, жұмысшылардың мүдделерін нақты қорғай алатын, ауқымды кәсіподақ қозғалысы және жұмыс берушілердің толыққанды өкілі туралы әңгіме қозғадық. Сондай-ақ, біз қазіргі уақытта жасалып жүргендей, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі емес, Үкімет атынан Премьер-министрдің өзі қол қоятын үшжақты келісім туралы айттық, бұл – өте маңызды тармақ, - деді ҚР қайталама металлургия өнеркәсібі одағының төрағасы Владимир Дворецкий.

Кездесуге қатысушылар қолданыстағы үшжақты басты келісімді мемлекет тарапынан жауапкершілік бөлімінде күшейту қажет деген пікірге келді. Олар, сонымен қатар, бизнес және кәсіподақ өкілдерінің талқылауынан кейін жаңа құжат әзірлеу мүмкіндігін қарастырды.

Билбордтар, студенттермен және зауыт жұмысшыларымен кездесулер. Өңірлерде штабтың сайлауалды науқаны қалай өтуде?

Президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова бұған дейін Ақмола және Қарағанды ​​облыстарында болды. Сонымен қатар басқа өңірлерде де жұмысты жергілікті штабтар қатар жүргізіп жатыр.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Көшелерге плакаттар ілініп, азаматтарға үнпарақтар таратылып, жергілікті халықпен, ұжымдармен кездесулер белсенді түрде өткізілуде.

Мәселен, Атырау облысында жол жиегіне үлкен билбордтар орнатылып қойған, штаб күнделікті жұмыс істеп жатыр. Жамбыл облысында жергілікті штаб басшысы колледжде оқытушылар және студенттермен кездесулер өткізді. Маңғыстау облысында сүт зауытының жұмысшыларымен, Мұнайлы ауданындағы аурухана дәрігерлерімен, құрылыс компаниясының қызметкерлерімен кездесулер жоспарланған.

Басқа өңірлерде де кездесулер ұйымдастыру, үгіт материалдарын тарату жұмыстары жалғасуда.

Еске салайық, 26 қазанда үміткер сайлау науқаны аясында аймақтарды аралай бастады. Ол Қарағанды ​​облысына бірінші болып барып, құқық қорғаушылармен, заңгерлермен, магистранттармен, сарапшылармен, құқық қорғау және сот жүйесін реформалауға, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғауға атсалысқан түрлі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, сотталғандармен кездесті. Халықтың әртүрлі әлеуметтік осал топтарының өкілдерімен дидарласып, олардың мүдделеріне қажет шараларды талқылады. Кейінірек ол тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін дағдарыс орталығында әйелдермен сұхбаттасуға барды.

27 қазан күні құқыққорғаушы Ақмола облысына барып, дәрігерлермен дағдарыс орталығында кездесу өткізіп, саладағы өзекті мәселелрді көтерді. 

31 қазанда ол Шымкентке барып, тігін фабрикасының және қалалық адвокаттар алқасының қызметкерлерімен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы