Президент Ресей Федерациясы Үкіметінің делегациясын қабылдады

16 Қараша 2021, 14:20
920
Бөлісу:
Президент Ресей Федерациясы Үкіметінің делегациясын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий құбыр желісі консорциумының 25 жылдығына арналған салтанатты жиын аясында Ресей Федерациясы Үкіметі делегациясының құрамындағы Ресей Үкіметі төрағасының орынбасарлары Александр Новак пен Алексей Оверчукті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық және отын-энергетикалық қатынастарды нығайтудың перспективалары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар жасыл энергетика, атом өнеркәсібі, көлік және логистика салаларын дамытуға, вакцинация паспорттарын өзара мойындауға қатысты екіжақты ынтымақтастықтың өзекті проблемалары қарастырылды.

Өзгелердің жаңалығы