Президент Қатарға мемлекеттік сапармен барады

12 Ақпан 2024, 12:00
283
Бөлісу:
Президент Қатарға мемлекеттік сапармен барады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13-14 ақпан күндері Қатарға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Сапар барысында Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және Премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Президент қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Тоқаев төтенше жағдайлар кезінде халыққа көмек көрсеткен бір топ азаматты мемлекеттік наградаға ұсынатыны хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы