Президент Премьер-министрдің орынбасарларын тағайындады

Нұрлыбек Нәлібаев пен Қанат Бозымбаев бұрынғы лауазымына қайта тағайындалды

 primeminister.kz 3 Қыркүйек 2026, 10:44
3 Қыркүйек 2026, 10:44
223
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-министрдің бірінші орынбасары мен орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары лауазымына қайта тағайындалды, – делінген Ақорданың хабарламасында.

 

 

Наверх