Президент «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

8 Мамыр 2024, 11:47
732
Бөлісу:
Президент «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Президент «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Содан кейін Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.

Президент «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев гүл қою рәсіміне жиналған жұртшылықпен жүздесіп, ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады.

Президент «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды
Өзгелердің жаңалығы