Президент ОСК конференциясы қатысушыларын құттықтады

7 Желтоқсан 2023, 10:38
542
Бөлісу:
Президент ОСК конференциясы қатысушыларын құттықтады
Фото: автордан

ҚР Орталық сайлау комиссиясының 30 жылдығына орай Астанада өткізіліп жатқан халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Мемлекет басшысы құттықтауын оның кеңесшісі Ернар Баспаев оқыды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының құрылғанына 30 жыл толуына арналған форумның ашылуымен құттықтаймын. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің сайлау органдары дәйекті даму жолынан өтіп, мемлекеттік биліктің аса маңызды институттарын қалыптастыру ісіне елеулі үлес қосты. Бұл органдар сайлау құқығына қатысты әлемдік деңгейдегі жоғары талаптарды әрдайым сақтай білді, - делінген құттықтауда.

Президент сондай-ақ ОСК-ның халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты нығайтып, қоғаммен ашық диалог орнатқанын атады. 

Мысалы шетелдің озық тәжірибесін ескере отырып, аумақтық комиссиялардың кәсіби деңгейін көтеру жұмысын жақсарту және оның әрбір мүшесінің мәртебесін айқындау үшін нақты шаралар қабылданды. Бүгінгі басқосуда бұл саланы дамытуға қатысты салмақты ой-пікірлер айтылып, тың тәсілдер ұсынылады деп сенемін, - делінген құттықтауда.

Өзгелердің жаңалығы