Президент әкімшілігінің фронт-офисі азаматтарды қабылдауды тоқтатты

15 Наурыз 2020, 15:28
1272
Бөлісу:
Президент әкімшілігінің фронт-офисі азаматтарды қабылдауды тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Әкімшілігінің фронт-кеңсесі азаматтарды қабылдауын уақытша тоқтатты. Мұндай ақпарат ҚР Президенті Әкімшілігі қоғамдық қабылдауының Telegram-дағы парақшасында жарияланды.

Коронавирустің тарау қаупін төмендету үшін қабылданған шаралар аясында, ПӘ фронт-кеңсесі 2020 жылдың 16 наурызынан бастап, азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтататынын хабарлайды. Ертеректе жазылып қойған азаматтардың кезегі сақталады және қабылдау қайта басталған соң, жаңа кесте туралы қосымша мәлімет алады. Сонымен бірге, өз өтініштеріңізді Президенттің Виртуалды қабылдау порталына, "е-gov" электронды үкіметіне, сондай-ақ "Қазпошта" АҚ қызметі арқылы жөнелте аласыздар - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы