Президент ауыл шаруашылық саласында елеулі еңбек еткен бір топ сала өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Президент Жарлығымен Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында елдің агроөнеркәсіп кешеніндегі жемісті еңбегі, отандық ауыл шаруашылық инфрақұрылымның дамуына қосқан үлесі үшін бір топ сала өкілдеріне мемлекеттік наградалар табысталды.
Атап айтқанда, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы мен «Отан» ордені «Зенченко және К» серіктестігінің бас директоры Геннадий Геннадьевич Зенченкоға берілді.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласының бір топ еңбеккері ІІ және ІІІ дәрежелі «Барыс», «Парасат», «Құрмет», III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Сондай-ақ Президент ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің көрмесін тамашалады.
Көрмеде терең өңделген өнімдер, заманауи агротехнологиялар, инвестициялық, соның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жобалар ұсынылған.
Мемлекет басшысына егін және мал шаруашылықтарындағы, басқа да маңызды бағыттардағы инновациялық шешімдер мен жетістіктер таныстырылды.
Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумына еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан астам адам жиналды.
Іс-шараға агрохолдингтердің өкілдері, фермерлер, шаруа қожалықтарының жұмысшылары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің мүшелері мен инвесторлар қатысты.
Форумда Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, «Қайып ата» ЖШС директоры Сырым Ертаев, «Зенченко және К» КС директоры Геннадий Зенченко, Alarko Holding бас директоры Үміт Нури Йылдыз, «Aitas KZ компаниялар тобы» АҚ вице-президенті Рабиға Тоқсейітова сөз сөйлед