Президент Архиві 2025 жылдың І тоқсанында 800 мыңнан астам парақты цифрландырды

29 Сәуір 2025, 19:42
255
Бөлісу:
Президент Архиві 2025 жылдың І тоқсанында 800 мыңнан астам парақты цифрландырды
Фото: pixabay.com

Президент Архиві 2025 жылдың І тоқсанында 800 мыңнан астам парақты цифрландырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінің мамандары 4 514 істі, яғни 842 мың архивтік парақты цифрлық форматқа көшірді. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26 пайызға жоғары.

Сонымен қатар, 8 689 істің атауы цифрлық архивтің ақпараттық-іздеу жүйесіне енгізіледі. Бұл зерттеушілер үшін құжаттарды тақырып, күн немесе автор бойынша жедел іздеуге мүмкіндік береді. Мұндай жүйелі жұмыс тарихи материалдарды іздеуді әлдеқайда ыңғайлы әрі жылдам етеді.

Тек 2025 жылдың алғашқы тоқсанында зерттеушілерге оқу залында ұсынылған істердің 62 пайыздан астамы электрондық форматта берілді.

Көптеген тарихи құжаттардың физикалық жағдайы нашар болғандықтан, олар цифрлық базаға енгізілмес бұрын бірнеше дайындық кезеңінен өтеді. Архив қызметкерлері ескірген парақтарды қалпына келтіріп, істерді реттеп, оларды сканерлеп, сурет сапасын тексереді. Тек осыдан кейін дайын цифрлық көшірмелер арнайы деректер базасына жүктеледі, – деп түсіндірді ҚР Президенті Архивінің Реставрация және консервация зертханасының меңгерушісі Медет Дүйсенбай.

Өзгелердің жаңалығы