Президент: Алматы және Астана декларацияларының маңызы зор

23 Қазан 2023, 11:43
751
Бөлісу:
Президент: Алматы және Астана декларацияларының маңызы зор
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі медициналық-санитарлық алғашқы көмекке айрықша мән беру қажеттігін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан МСАК бойынша Алматы декларациясының 45 жылдығына, МСАК бойынша Астана декларациясының 5 жылдық мерейтойына және ДДҰ-ның 75 жылдық мерейтойына арналған МСАК бойынша жаһандық конференцияда мәлімдеді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы конференция қатысушыларына ілтипат білдірді.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау және медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетудің халықаралық жүйесін жетілдіру ісінде Алматы және Астана декларацияларының маңызы зор.

Осыдан 45 жыл бұрын медициналық-санитариялық алғашқы көмектің әлеуметтік тұрғыда әділетті моделіне негіз болған Алматы декларациясы қабылданды. Бұл декларация әлемдік денсаулық сақтаудың Ұлы Хартиясына айналып, көптеген елдің халық денсаулығын жақсарту үшін шара қабылдауына, оны адамның іргелі құқығы ретінде мойындауына түрткі болды. Алматы декларациясы біраз елде ана мен бала өлімінің деңгейін жүйелі түрде төмендету, болжамды өмір сүру жасын ұзарту үшін шешуші рөл атқарды. Бүгінде көптеген елде ұлттық денсаулық сақтау жүйесі жолға қойылған. Онда медициналық-санитариялық алғашқы көмекке айрықша мән беріледі. Бұл бес жыл бұрын қол қойылған Астана декларациясында нақтыланады, – деді Президент.

Бұған дейін Президент 2018 жылдан бері еліміздегі емханалар саны 3 есе артқанын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы