Президент: 5 жылда ауылдағы емханалар саны 3 есе артты

23 Қазан 2023, 11:11
597
Бөлісу:
Президент: 5 жылда ауылдағы емханалар саны 3 есе артты
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2018 жылдан бері еліміздегі емханалар саны 3 есеге артқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан МСАК бойынша Алматы декларациясының 45 жылдығына, МСАК бойынша Астана декларациясының 5 жылдық мерейтойына және ДДҰ-ның 75 жылдық мерейтойына арналған МСАК бойынша жаһандық конференцияда мәлімдеді.

Кейінгі 10 жылда Қазақстан алғашқы медициналық-санитариялық көмектің кешенді қолжетімділігін кеңейтіп, ұйымдастыру саласында айтарлықтай жетістікке қол жеткізді. Нәтижесінде бүгін 6 мыңдай ұйым алғашқы медициналық көмекті көрсетіп отыр. Бұл ұйымдарда 30 мыңға жуық маман жұмыс істейді. Елдегі бала жасындағы халықтың бәрі алдын ала медициналық бақылаумен қамтылған. Әр ірі елді мекенде Жастар денсаулық орталығы бар. Оның үстіне жыл сайын 3 млн-нан астам ересек адам скриннинг пен кәсіби тексеруден өтеді, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент ауыл тұрғындарына медициналық қызмет алуда тең мүмкіндік ұсыну үшін ауқымды реформалар жүргізіліп жатқанына тоқталды.

2018 жылдан бастап ауылдағы емханалардың саны 3 есе артқан. Телемедицина және қашықтан мониторингілеу сияқты цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр. Бұл технологиялар алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыруда жаңа мүмкіндіктер ашады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы