Президент Әкімшілігінде кадрлық өзгеріс: Азамат Кескінбаев қызметінен кетті

Мемлекет басшысының өкімімен Президент Әкімшілігіндегі бөлім басшысының қызметіне қатысты шешім қабылданды. Кескінбаевтың еңбек жолы қандай?

20 Қараша 2026, 17:19
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві 20 Қараша 2026, 17:19
20 Қараша 2026, 17:19
74
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Бақытжанұлы Кескінбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Азамат Кескінбаев бұл қызметке 2025 жылғы 23 желтоқсанда Мемлекет басшысының өкімімен тағайындалған еді. 

Фото: linkedin.com

Азамат Бақытжанұлы Кескінбаев 1986 жылы Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келген.

2009 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін математика мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылы Мәскеудегі Жоғары экономика мектебінде экономика магистрі дәрежесін алған. 2025 жылы Назарбаев университеті мен Duke университетінің бірлескен Executive MBA бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін иеленген.

Еңбек жолында Мәскеудегі компаниялар тобында алгоритмдік сауда саласындағы команда жетекшісі, «Қазпошта» АҚ-да бас менеджер, стратегия және экономикалық талдау департаментінің директоры, экономика және кеңейтілген аналитика департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2020-2022 жылдары ForteBank-те қаржылық талдау бағыты бойынша жұмыс істеді. 2022-2025 жылдары «Қазпошта» АҚ қаржы бойынша басқарушы директоры әрі басқарма мүшесі болды. 

Наверх