Президент: 750 млн тоннадан астам мұнай әлемдік нарыққа шығарылды

16 Қараша 2021, 11:42
782
Бөлісу:
Президент: 750 млн тоннадан астам мұнай әлемдік нарыққа шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий құбыр желісі консорциумының құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты шара кезінде айтты.

Бүгінде Каспий құбыр концорциумы барлық акционердің жақсы үйлестірілген және тиімді жұмысының үлгісі болып отыр. 2001 жылдан бері Каспий құбыр консорциумы арқылы 750 млн тоннадан астам қазақстандық мұнай әлемдік нарыққа шығарылды. Оның өткізу қабілеті 2,5 есеге дейін өсіп, жылына 67 миллион тоннаға дейін артты. 2023 жылға қарай бұл көрсеткішті жылына 80 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның сөзінше, былтыр Каспий құбыр концорциумы акционерлердің несиелерінің барлық сомасын өтеп, оның қаржылық тұрақтылығын растаған.
Концорциум – еліміздің экономикалық дамуына және азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге зор үлес қосып келе жатқан Қазақстанның мұнай-газ кешенінің негізгі элементі. Каспий құбыр концорциумы – бұл мегажоба және оның болашағы зор деп сенемін, - деп толықтырды Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы