Премьер-министр 4 күндік жұмыс аптасы мен 6 сағаттық жұмысқа ауысуды ұсынды

5 Қаңтар 2020, 12:26
6613
Бөлісу:
Премьер-министр 4 күндік жұмыс аптасы мен 6 сағаттық жұмысқа ауысуды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Финляндияның премьер-министрі, 34 жастағы Санна Марин елде 4 күндік жұмыс аптасы мен 6 сағаттық жұмыс күнін енгізуді ұсынды, деп хабарлады nabludatel.od.ua.

Төрт күндік жұмыс аптасы және алты сағаттық жұмыс күні. Не себепті бұл біздің келесі қадам бола алмайды? 8 сағат – бұл ақиқат және соңғы шешім деп кім айтты?, - дейді Санна Марин.
Сан.jpg

Премьер-министрдің ойынша, адамдар отбасымен, жақындарымен көбірек уақыт өткізуді, хобби мен мәдениеттің басқа да маңызды жақтарына уақыт бөлгенді қалайды.

Айта кетейік, финдер қазір аптасына 5 күн, күніне 8 сағат жұмыс істейді. Марин үкіметі құрған коалиция 6 сағаттық жұмыс мерзімін талап етуде. Финляндияның Білім министрі Ли Андерссон, бұл идеяны қолдады. 
Фин азаматтарына аз жұмыс істеуге мүмкіндік беру маңызды. Бұл өмірді жақсарту және сайлаушыларға берген уәделерін адал орындау, - дейді ол.
Финдерге көрші ел Швеция ұзақ уақыт 6 сағаттық жұмыс күнін тәжрибеден өткізген. 2015 жылы елдің екінші үлкен қаласы Гетеборгта қалалық аурухана мен арнайы қорғалатын баспана үйлерінде жұмыс күнін жалақыны төмендетпей 6 сағатқа қысқартқан. Екі жылдан кейін нәтижелер айқын болды: жұмысшылар көңілді, дені сау және еңбегі өнімді болды. Сонымен бірге көрсетілетін қызметтердің саны мен сапасы артты.

Сондай-ақ, Toyota компаниясының Швециядағы бөлімшесі де жұмыс күнін 6 сағатқа дейін қысқартты, бұл ынталандыру мен шығындардың төмендеуіне әкелді. 
Өзгелердің жаңалығы