Премьер-министр мұғалімдерге вакцина салуды 25 тамызға дейін аяқтауды тапсырды

18 Тамыз 2021, 10:02
3940
Бөлісу:
Премьер-министр мұғалімдерге вакцина салуды 25 тамызға дейін аяқтауды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин осылай деп тапсырма берді. Оның айтуынша, еліміздегі жалпы эпидемиологиялық жағдай біртіндеп тұрақтанып келеді.

Ал вирустың репродуктивтілік индексі 0,97-ге тең көрінеді. Ауруханалардағы орын 53% және реанимациялық бөлімдері 47% пайызға жүктелген. Вакцина салдыру да қарқынды жүргізіліп жатқандығын алға тартты.

Оқу жылына дайындық аясында мұғалімдерге вакцина салуды 25 тамызға қарай аяқтап, оқу орындарының дайындығын бақылауды күшейту қажет. Вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар саны 6,1 млн адамнан асты, екінші компонент 4,8 млн-нан астам адамға салынды. Түркістан облысы және Алматы мен Шымкент қалаларында вакцина салу қарқыны жақсы, - деді Үкімет басшысы.
Ал Маңғыстау, Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында вакцина салу қарқынын күшейту керектігін айтты.

Сонымен қатар вакцина қорын толықтыру шаралары қабылданып жатқан көрінеді.

Өзгелердің жаңалығы