Праймеризді ұйымдастыруға мемлекеттен ешқандай қаражат бөлінген жоқ – Қырықбаев

6 Қазан 2020, 15:33
1580
Бөлісу:
Праймеризді ұйымдастыруға мемлекеттен ешқандай қаражат бөлінген жоқ – Қырықбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы барысында айтты. 

Праймеризді ұйымдастыруға мемлекеттен ешқандай қаражат бөлінген жоқ. Бұл партияның ішкі бюджетінің айналасында өткен шаруа. Бұл жағдайда бюджеттік мәселелердің туындауына негіз жоқ, - деді ол. 

Қырықбаевтың айтуынша, Nur Otan партиясы сайлаудың әділ өтуіне мүдделі тарап болғандықтан, азаматтар тарапынан түсіп жатқан заңды талаптар мен өтініштерін құзырлы органдарға жетуіне қолдау көрсетіледі. 

Қазақстан мен Қырғызстан екі бөлек мемлекет. Тәуелсіздік алғаннан бері қалыптасқан мүлдем бір-біріне ұқсамайтын екі дәстүр, екі жол. Nur Otan  басшылығы алдағы сайлау және одан кейінгі сайлаулар да дұрыс әрі әділ өтетінінен үмітті және оған сенеді, - деді ол.
Бұған дейін ол Nur Otan партиясы алдағы болатын сайлауға ұсынатын көшбасшылар құрамын ойдағыдай жаңғыртқанын айтты.
Өзгелердің жаңалығы