Праймериз: ШҚО бойынша 27 мыңнан астам партия мүшесі дауыс берді

2 Қазан 2020, 18:41
1390
Бөлісу:
Праймериз: ШҚО бойынша 27 мыңнан астам партия мүшесі дауыс берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясының праймеризіне қатысушы үміткерлерге онлайн дауыс берудің екінші күнінде 27 мыңнан астам шығысқазақстандық өз таңдауларын жасап, дауыс беріп үлгерді. 

Праймериз бойынша дауыс беру 1 қазан күні сағат 00:00-де басталды. Дауыс беру 3 қазанға дейін жалғасады. Сонымен қатар соңғы күні сайлау учаскелері ашылатын болады. Оған онлайн режимінде дауыс бере алмаған адамдар қатысады. Сондай-ақ жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілмеген өңірлерде дауыс беру қағаз бюллетеньдер арқылы өтеді. Бүгінгі таңда онлайн режимінде 27 000 адам дауыс берді. Бұл 54% құрайды. Сайттың шамадан тыс жүктелгеніне қарамастан жалпы сайлаушылардың белсенділігі өте жоғары. Праймеризге барлығы 1054 кандидат ұсынылған. Қазіргі уақытта 923 адамға дауыс беру жүргізілуде. Олар барлық пікірсайыс пен үгіт-насихат кезеңінен сәтті өткен үміткерлер, - деді Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Олег Чугунков.

Жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша дауыс беру үшін primaries.kz порталы арқылы 40 мыңнан астам партия мүшесі тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы