Праймериз: Шалғай ауылдағы тұрғындар дауыс беруде белсенділік танытуда

3 Қазан 2020, 12:01
1472
Бөлісу:
Праймериз: Шалғай ауылдағы тұрғындар дауыс беруде белсенділік танытуда
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде еліміздің барлық аймағында алғаш рет партияішілік праймериз өткізілуде. 

Ең мықтыларды анықтайтын саяси доданың үшінші күні Түркістан облысында 209 дауыс беру орындары ашылды. Оның 39-ында қағаз бюллетенмен дауыс беріледі. Бұл интернеті нашар, шалғайда тұратын ауыл тұрғындары үшін тиімді. 

Праймериз: Шалғай ауылдағы тұрғындар дауыс беруде белсенділік танытуда

Кентау қаласы Ұшқайық ауылында дәстүрлі сайлауға ауыл тұрғындары жоғары деңгейде белсенділік танытуда. Таңғы 8-ден бастаған дауыс беруге ауыл тұрғыны зейнеткер, ауылдағы қоғамдық кеңестің төрағасы Әліжанов Қалыбек Абдухадирұлы да өз таңдауын жасады.

Праймериз: Шалғай ауылдағы тұрғындар дауыс беруде белсенділік танытуда

Біздің ауыл тұрғындары партияішілік праймеризге атсалысуда. Дәстүрлі түрдегі дауыс беруде менде лайықты деген азаматтарға қолдау таныттым. Праймериз – бұл ең мықтыларды анықтайтын жаңашыл жүйе. Жұмыста, шалғайда жүріп те дауыс беруге ыңғайлы етіп ұйымдастырылған, – дейді ол.
Праймериз: Шалғай ауылдағы тұрғындар дауыс беруде белсенділік танытуда

Жалпы Кентау қаласы мен ауылдарды қосқанда 7009 партия мүшесі, 24 БПҰ бар. Дәл қәзір партия мүшелерінің 68 пайызы дауыс берді.
Өзгелердің жаңалығы