Праймериз: Ақмола облысының әкімі өз таңдауын жасады

2 Қазан 2020, 10:08
1261
Бөлісу:
Праймериз: Ақмола облысының әкімі  өз таңдауын жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев primaries.kz мобильдік қосымшасы арқылы дауыс берді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Ақмола облысы бойынша 827 праймеризге қатысушы тіркеліп, ең лайықты тұлғалар үшін 36 мыңнан астам партия мүшесі дауыс беруде. Үгіт-насихат жұмысы кезінде праймериз кандидаттарына мыңнан астам ұсыныс-пікір келіп түскен. 

Айта кетейік, Nur Otan праймеризі партия лидері, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық партияішілік сайлау ауқымында өтіп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы