Prado мінген мас жүргізуші 30-дан астам қойды қағып өлтірді

21 Мамыр 2022, 12:38
1415
Бөлісу:
Prado мінген мас жүргізуші 30-дан астам қойды қағып өлтірді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысында көлікті мас күйінде басқарған адам жол бойында 30-дан астам малды басып өткен. Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Видеодан 30-дан астам қой, ешкі, қозы-лақтың тас жол бойында қансырап өліп жатқанын көруге болады. телефонымен видеоға түсіріп жүрген адамның айтуынша, оқиға Алматы облысындағы Тоғызбұлақ-Қалжат тас жолы бойында 20 мамыр күні сағат 07.37 кезінде болған.

Оқиға орнынан түсірілген видеоны әлеуметтік желіге салған Дамир Аспанның жазуынша, көлік иесі мас болған және тоқтамастан кетіп қалған. 

Аталған оқиғаға қатысты Алматы облысы Полиция департаментіне хабарласқан едік. Ондағылар бұл оқиға 20 мамыр күні Ұйғыр ауданында болғанын растады.

«Toyota Lend Cruiser» автокөлігін Талғар ауданының 25 жастағы тұрғыны басқарған. Ол «Ақсай-Шонжы-Қалжат» тас жолының 55 шақырымында бір отар қойды қағып өткен. Медициналық сараптама барысында көлік жүргізушісі масаң күйде болғаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ӘҚБтК-нің 608-бабы және 610-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жол ережесін бұзған адам ұсталып, қамауға алынды,-деді Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі.

 

 

Өзгелердің жаңалығы