Пойыздар боранда жолда қалған 400-ден аса жолаушыны алып кетті

9 Ақпан 2024, 11:12
381
Бөлісу:
Пойыздар боранда жолда қалған 400-ден аса жолаушыны алып кетті
Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

Жолаушылар пойыздары ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда қалған 400 астам адамды алып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты биылғы жылдың 8 ақпанында "Жолаушылар тасымалы" АҚ 400 астам жолаушыны эвакуациялауды ұйымдастырды. Бұл күні республикалық маңызы бар автожолдарда шектеулер енгізілді.

Осыған байланысты жолаушыларды қала маңындағы электр пойыздары мен пойыздар тасымалдады:

- №7501 - Ерейментаудан Астанаға дейін;

- №327 - Астана мен Бурабай курортынан Көкшетауға дейін;

- №6830 - Бурабай курортынан Астанаға дейін;

- №43 - Шоқайдан Астанаға дейін;

- №45 - Қарағандыдан Астанаға дейін.

9 ақпанда республикалық автотрассалардың жабылуына себеп болған күрделі метеорологиялық жағдайлардың жалғасуына байланысты келесі қосымша жолаушылар пойыздарына 31 вагон тіркелді:

- Павлодардан Астанаға дейінгі №45 пойыз - 6 вагон;

- Павлодардан Астанаға дейінгі №139 пойыз - 4 вагон;

- Астанадан Павлодарға дейін №354 пойыз - 7 вагон;

- Астанадан Петропавлға дейінгі №623 пойыз -10 вагон;

- Астанадан Павлодарға дейін №45 пойыз  - 4 вагон.

Жолаушыларға қосымша 1300 астам орын беріледі.

Вокзалдар мен пойыздарда жолаушылар ағынының күрт ұлғаюына байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ азаматтарға ауа райы жағдайларын ескере отырып, өз сапарларын жоспарлауды ұсынады және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты тегін "1433" нөмірі бойынша алуға болады, - делінген компания таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы