Пойызда тағы да бір бала дүниеге келді

11 Сәуір 2024, 16:08
229
Бөлісу:
Пойызда тағы да бір бала дүниеге келді
Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

№46 "Павлодар-Түркістан" бағытындағы жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жас ана Зейнеп Әбдікәрімова жүктіліктің соңғы айында анасымен бірге Павлодардан Түркістанға №46 пойызбен жолға шыққан. 

Жол барысына жолаушының толғағы басталды. Вагонның екі жолсерігі Анар Амандықова мен Назерке Талғарбаева әйелді аман-есен босандырып, қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетті. 

Қыз бала 10 сәуірде сағат 16:30-да дүниеге келді. Пойыз жолаушылары баланың дүниеге келу сәтіне куә болып, жаңа туған нәрестенің анасы мен әжесіне құттықтау сөздерін білдірді. Пойыз бригадасы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырды. Вагонда босанған әйелге көмек көрсету үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Сары-Шаған станциясына келгеннен кейін жас ана мен қыз баланы жедел жәрдем қызметкерлері қабылдады. Жаңа туған нәрестенің есімін Мереке деп атаған, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, пойыз бригадаларының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тұрақты негізде оқиды. 

Соңғы 3 жылда "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарында 13 сәби дүниеге келді.

Өзгелердің жаңалығы