АҚШ-та пойыз көлікті соқты: 3 адам қаза тапты

24 Қараша 2019, 11:36
5296
Бөлісу:
АҚШ-та пойыз көлікті соқты: 3 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пойызда 200-ге жуық адам болған. Олар дін аман. Ал көліктің ішінде болған үш адам қайтыс болды.

АҚШ-тың Флорида штатында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл туралы Associated Press хабарлады.

Amtrak компаниясының пойызы Майамиден Нью-Йоркке екі жүзге жуық жолаушыны алып бара жатқан. Апат штаттың оңтүстік-батысында болған.

Көлік қалай теміржолдың бойында тұрып қалғаны анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы