Польша Ресейдің 45 дипломатын қайтарғалы жатыр

24 Наурыз 2022, 04:24
1433
Бөлісу:
Польша Ресейдің 45 дипломатын қайтарғалы жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Польшаның ішкі қауіпсіздік агенттігі Ресейдің 45 дипломатын елден шығаруды талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларға тыңшылық жасады деген айып тағылған. 

Варшавадағы Ресей елшілігі елшіні Сыртқы істер министрлігіне шақырған. 

Ақпарат бойынша Ресей дипломаттарына елден 5 күн ішінде кету керек. 

Ресей елшілігі елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас әлі үзілмегенін хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы