Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды.
Белгілі болғандай, Түркістан облысында Алматы – Ташкент – Термез автожолында полицияның цифрлық жүйесі мемлекеттік нөмірі жалған Toyota Camry автокөлігін анықтады. Көлік туралы ақпарат бірден патрульдік полиция экипажына беріліп, тәртіп сақшылары оны тоқтатып, тексеру жүргізді.
Көлікті тоқтатуға әрекет жасаған кезде жүргізуші полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, бой тасалауға тырысқан. Патрульдік полиция қызметкерлері құқық бұзушыны жедел ұстады.
Анықталғандай, көлік тізгінінде Жаңа Тұрмыс ауылының 26 жастағы тұрғыны Давронбек Исломов болған.
Ол бірнеше бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдаланғаны, көлікті тиісті құжатсыз басқарғаны және билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Сонымен қатар оған 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Автокөлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерді полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Заңды талапқа бағынбау және бой тасалауға әрекет жасау жауапсыз қалмайды.
Тағы оқи отырыңыз: «Бір орынға жылжуды сұраған»: Алматыда автобуста қызды буындырған ер адам қамалды
Қазақстандық жүргізуші куәлігі қай елдерде жарамды?