Полиция жұмысына кедергі келтірген азамат 10 тәулікке қамалды

Патрульдік полицияның заңды талабына бағынбай, қызметіне кедергі келтірген азамат жанжал шығарған. Сот оған қандай жаза тағайындады?

20 Қараша 2026, 17:11
АВТОР
 видеодан алынған кадр 20 Қараша 2026, 17:11
20 Қараша 2026, 17:11
94
Фото: видеодан алынған кадр

Қызметтік міндеттерін атқару барысында патрульдік полиция қызметкерлері олардың жұмысына қасақана кедергі келтіріп, жанжал шығарған азаматты кезіктірді.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушы Алтай Аманқосов полицейлердің құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтату туралы бірнеше мәрте қойған заңды талаптарына бағынбай, арандатушылық әрекеттерін жалғастырған. Сондай-ақ полиция қызметкерлерімен сөзге келіп, олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтірген.

Осыған байланысты азамат полиция бөліміне жеткізіліп, жинақталған материалдар соттың қарауына жолданды. Сот қаулысымен құқық бұзушыға 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды, - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлердің заңды талаптарын орындау әр азаматтың міндеті екенін, сондай-ақ олардың әрекеттерімен келіспеу қоғамдық тәртіпті бұзуға, жанжал шығаруға немесе қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтіруге негіз болмайтынын ескертті.

Полицияның заңды жұмысына кедергі келтіру әрекеттерінің жолы кесіліп, кінәлі тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

Еске сала кетейік, Атырауда оқушылар 300 мың теңгеге жуық ақшасы бар әмиян тауып алып, полицияға тапсырды.

Тағы оқи отырыңыз: Көлік жүргізу құқығынан айырылғандар рөлге отырды: Бес күнде 115 адам қамалды 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх