Желідегі даулы видео: Қызын ерніне сүйген әкеге қатысты тексеру немен аяқталды?

Желідегі даулы видео: Полиция қызының ернінен сүйген әкеге қатысты іс жайлы жаңа мәлімет айтты.

16 Қараша 2026, 14:40
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 16 Қараша 2026, 14:40
16 Қараша 2026, 14:40
178
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Өскеменде кішкентай қызын туған күнімен құттықтап, ернінен сүйген ер адамның видеосына қатысты полиция тексеру жүргізді. Нәтижесінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық құрамы анықталмаған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі өкілі Құрылтайда брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адамның қолына мерекелік торт ұстап, қызын туған күнімен құттықтағаны көрінеді. Кейін ол қызын ернінен сүйген. Кадрлар Threads желісінде қызу талқыланып, көпшіліктің наразылығын тудырған еді.

Осы жағдайға қатысты қойылған сұраққа Құрылтайда ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Ювеналды полиция басқармасының бастығы Асхат Дүйсембеков осы дерек бойынша тіркеу жүргізіліп, жан-жақты тексеру ұйымдастырылғанын айтты.

Қазіргі уақытта бұл деректі номенклатуралық іске есептен шығару туралы шешім қабылданды. Себебі қылмыстық құқық бұзушылық немесе әкімшілік құқық бұзушылық құрамы анықталған жоқ, – деді ол.

Ал Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бұл жағдайға қатысты тергеу амалдары жүріп жатқандықтан, әзірге толық түсініктеме бере алмайтынын жеткізді. Сонымен қатар ол балалардың жеке шекарасын қорғаудың маңызын атап өтті.

Оның айтуынша, биыл мектептерде «Жеке қауіпсіздік» атты жаңа курс енгізілген. Жетінші сыныптан бастап оқушыларға арнайы тақырыптар бойынша педагог-психологтер түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Әр бала өзінің жеке шекарасын қорғай білуі керек. Әр бала ненің рұқсат етілетінін, ненің болмайтынын түсінуі қажет. Меніңше, біз қазір осы бағыттағы жұмыстар арқылы алға жылжып келеміз, – деді министр Құрылтайда өткен брифингте.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда полиция есебінде 5 500 бала тұрғаны хабарланды. 

Наверх