Полиция үйін су басқан төрт отбасын аман алып шықты

6 Сәуір 2024, 17:00
414
Бөлісу:
Полиция үйін су басқан төрт отбасын аман алып шықты
Фото: Видеодан кадр

Полиция үйін су басқан төрт отбасын аман-есен алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құлсары қаласының Автожолаушылар ықшамауданындағы 400 жуық үйді су басты.

Қазіргі уақытта Полиция департаменті мен Жылыой аудандық полиция бөлімінің теңіз патрульдік полициясы үйінде қалып қойған төрт отбасыны және бір азаматты мал-жанымен бірге құтқарып үлгерді.

Ал басқа үйлердің тұрғындары су кіре бастаған кезде қауіпсіз жерге шығарылған. Жұмыстар тәулік бойы жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы