Полиция қараусыз қалған 9 мыңнан аса үйді күзетіп жүр

9 Сәуір 2024, 17:43
300
Бөлісу:
Полиция қараусыз қалған 9 мыңнан аса үйді күзетіп жүр
Фото: Арман Мухатов - архив

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев су тасқынымен күресте полиция қандай жұмыс істеп жатқанын баяндап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. Құтқару және су тасқынына қарсы іс-шараларға 4 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, сондай-ақ ІІМ оқу орындарының курсанттары қатысып жатыр. 700 қызметтік техника жұмылдырылды. Бұл патрульдік көліктер, автобустар, жүк көліктері және ведомстволық тікұшақтар мен ұшақтар, - деді ол.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері Төтенше жағдай министрлігі мен жергілікті органдарға арықтарды тазартуға көмектесіп жатыр.

Жалпы полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері 10 мың метр арықты тазартты. 159 мыңнан астам қап төселді. 16 300 адам құтқарылды. Оның ішінде тікұшақпен 325 адам эвакуацияланды, оның 111-і бала.

Сондай-ақ полицейлер қараусыз қалған мүлікті күзету үшін 45 зардап шеккен елді мекенді қоршауға алды. Айта кету керек, қазір Ішкі істер органдары 9 600-ден астам қараусыз қалған тұрғын үй мен басқа да нысандарды күзетіп жатыр. Ұрлық-қарлыққа жол берілмеді, - деді Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ-да өткен брифингте.

Өзгелердің жаңалығы