Полиция миллион доллар бопсалаған БҚО тұрғынын ұстады

12 Қаңтар 2024, 19:12
487
Бөлісу:
Полиция миллион доллар бопсалаған БҚО тұрғынын ұстады
Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері етті мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС құрылтайшыларынан миллион АҚШ долларын бопсалаған өңір тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Күдікті Toyota Mark II автокөлігінің ішінде ақша алу сәтінде құрықталды. 

Көлікті тінту кезінде сол жақтағы алдыңғы жолаушылар орындығының қалтасынан 4 млн теңге тәркіленді. Сонымен қатар қаскүнемнің барсеткасынан 50 мың теңге табылды. 

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр (Бопсалау). ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы