Полиция бөлімінің басшысы жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді

4 Сәуір 2023, 14:44
796
Бөлісу:
Полиция бөлімінің басшысы жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді
Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысы ПД сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлады BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы ПД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша Ақтөбе қаласы № 3 полиция бөлімі басшыларының біріне қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды, - делінген хабарламада. 

Полиция қызметкерлері тарапынан құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты сенім телефоны арқылы хабарлауға болады- 8/7132/52-16-91. Анонимділікке кепілдік беріледі. 

Өзгелердің жаңалығы