Полиция «банк қызметкерлерімен» қалай күресіп жатыр

17 Шілде 2023, 11:51
907
Бөлісу:
Полиция «банк қызметкерлерімен» қалай күресіп жатыр
Фото: Арман Мухатов - архив

ІІМ онлайн-брифингінде ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай полиция «банк қызметкерлерімен» қалай күресіп жатқанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол бүгінгі таңда киберқылмыс, оның ішінде телефон және интернет-алаяқтық өзекті мәселелердің бірі болып отырғанына тоқталды.

Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, мұндай қылмыстарға қарсы тұрақты түрде іс-қимыл шараларын қабылдап жатыр. Бірінші кезекте БАҚ-та белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері ақпараттық кеңістікте 7,5 мыңға жуық жарияланды, - деді Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы.

Оның айтуына қарағанда, ІІМ және ҚНРДА ресми сайтында «Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл» парақша құрылды, онда интернет-алаяқтық жасау тәсілдерін сипаттайтын айдар мен олардың алдын алу бойынша қабылданатын шаралар жарияланған.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірге банк қызметкерлерінің атынан жалған нөмірлерден телефон арқылы жасалынатын алаяқтықтың алдын алу мәселесі шешілді. Барлық ұялы байланыс операторы алаяқтан қорғайтын антифрод жүйесін енгізді. Нәтижесінде 36 млн алаяқтық қоңырау бұғатталды, - деп түсіндірді Жандос Сүйінбай брифингте.

Сонымен қатар зардап шеккен азаматтардың саны екі есеге азайды. 

Еске салсақ, Қостанайда «CyberPol» қызметкерлері тұрғындарды 20 млн теңгеге алдап кеткен алаяқты анықтады.

Өзгелердің жаңалығы