Полиция ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға жолға шықпауларын сұрайды

8 Ақпан 2024, 20:18
516
Бөлісу:
Полиция ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға жолға шықпауларын сұрайды
Фото: Polisia.kz

Полиция ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдарға шықпауға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрметті азаматтар қазіргі уақытта ауа райының қолайсыздығына атап айтқанда, боран, жаңбыр, жолды көрудің шектелуіне байлынысты республика аумағында көлік құралдары үшін қозғалысқа Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облыстарында шектеу енгізілді. Одан басқа, Ақтөбе облысында жағдайдың қиындауына байланысты әкімдердің шешімдерімен, 8 ақпанда Хромтау және Әйтеке би екі ауданда жергілікті көлемдегі табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

  Құрметті жүргізушілер қолайсыз ауа райы жағдайында елді мекендерден шықпаңыздар, қала сыртындағы сапарлардан бас тартыңыздар! Өзіңізді және жақындарыңызды негізсіз тәуекелге ұшыратпаңыз, - делінген полицияның хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы