Полицейлер жоғалған жылқыларды тауып, иесіне қайтарды
24 Мамыр, 14:01 456

Полицейлер жоғалған жылқыларды тауып, иесіне қайтарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адам өзінің жылқыларының жоғалғандығын айтып, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған,  деп хабалады  Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.                                                                       

Аталған хабарлама бойынша полиция қызметкерлері оқиға орнына шығып, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жайылымдық жерлерді қарап, бақташылардан сұрастырды. Сауран аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 7 бас жылқы жайылымнан табылып, иесіне қайтарылды.  

Жоғалған жылқылардың иесі: 

Өздігімнен жылқыларды іздеп таппаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған едім. Олардың тиянақты жұмыстарының нәтижесінде жылқыларымды тез арада тауып, өзіме қайтарды. Алғысым шексіз - деп атап өтті.                               

 Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығы көбіне тұрғындардың салғырттығы мен қараусыз қалдыратындығы салдарынан болатындығын айтады. Сондай-ақ мал ұстайтын тұрғындарға малдарды құжаттандырып, сырғалау жұмыстарын жүргізу және жайылымға қараусыз жібермей бақташы жалдау керектігін ескертеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...