Полицейлер тұрғынға 44 млн теңгеден астам шығын келтірген күдіктіні ұстады

22 Желтоқсан 2021, 16:18
1354
Бөлісу:
Полицейлер тұрғынға 44 млн теңгеден астам шығын келтірген күдіктіні ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша, тұрғын үйіне бөгде адамның  жасырын түрде терезе арқылы кіріп, жатын бөлмесінде тартпа ішінде тұрған бағалы алтын, бриллиант әшекей бұйымдары мен 1 млн теңгеден астам ақшасын, «Nokia» маркалы ұялы телефонын жасырын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі  44 млн теңгеден астам. 

Аталған жайт  ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. Жетісайлық қырағы полицейлерден құралған жедел-тергеу  тобы оқиға орнына барып, куәлардан жауап алды.  Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталды. Ол  Жетісай қаласының тұрғыны болып шықты. Бүгінгі таңда күдікті қамауда. 

Белгілі болғандай, күдікті ер азамат жәбірленушінің  үйінде алтын бұйымдарының барын біліп, өзінің жеке бас пайдасы үшін жымқырған. Бүгінде қолды болған алтын, бриллиант әшекейлер өз иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады ТО ПД баспасөз қызметі.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары жеке мүлік пен тұрғын үйлерді қараусыз қалдырмауды, арнайы дабылқақыш қондырғылары мен бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді. Сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, шұғыл полицияға  «102» телефонына  хабарласыңыз. 

 

Өзгелердің жаңалығы