Мал иесі тәртіп сақшыларына алғысын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Курчатов қаласы Полиция бөлімінің 102 арнасына сағат 19:30 шамасында жергілікті тұрғын хабарласып, полицейлерден көмек сұрап, уақыт санаулы екенін ескерткен. Бұл туралы polisia.kz жазды.
Іші суға толған терең құдыққа жылқының түсіп кеткенін көріп, көмекке келген алты полицей иелерімен бірге құтқару операциясына кіріскен. Жылқы құтқарылып, иесіне табысталды. Тұрғын полицейлерге алғысын білдіреді, - делінген таратылған ақпаратта.