Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер тағы бір мародерді ұстады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.
Жамбыл облысының 40 жастағы тумасы Алматыдағы аңшылық дүкенінен қару ұрлады деген күдікке ілінді.
Ағымдағы жылдың 5-нен 6-шы қаңтарына қараған түні серіктестерімен бірге аңшылық дүкенге кіріп, мүлік пен қару ұрлаған.
20 қаңтар күні қылмыстық қудалаудан жасырынып елордаға пойызбен келген.
Осы уақыт аралығында күдікті жұмысқа орналасып, жатақханадан бөлме жалдап үлгерген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні тұрғылықты жері бойынша ұстады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат Алматы қаласы ПД полиция қызметкерлеріне тапсырылды.