Оралдық полицейлер мемлекет ақшасына планшет сатып алған

10 Ақпан 2019, 14:27
2328
Бөлісу:
Оралдық полицейлер мемлекет ақшасына планшет сатып алған

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылы Орал полицейлері 120 млн теңге көлеміндегі мемлекет қаражатына 300 астам планшет сатып алған. 

«2018 жылғы 26 қыркүйекте мемлекеттік электронды сатып алулар порталында БҚО полиция департаменті планшетті компьютерлерді мемлекеттік сатып алуға ашық конкурс жариялаған. Конкурс қорытындысы 2018 жылғы 26 қарашада шығарылған. Оның қорытындысы бойынша 11 қатысушының ішінде бір планшет үшін 176 мың теңге бағасымен «Qazaqcontact» ЖШС жеңімпаз-жабдықтаушы атанған. 53,8 млн теңгеге Samsung маркалы барлығы 304 планшет сатып алынған», - деді БҚО ПД баспасөз қызметінде. 

Белгілі болғандай, «Бірыңғай әкімшілік басқару тізілімі» жобасын жүзеге асыру және жол-патрульдік полицияның жеке құрамын қажетті техникамен жабдықтау мақсатында 119,7 млн теңге қаражат бөлінген. Мемлекеттік сатып алу бойынша барлығы 304 планшеттік компьютер мен 331 мобильдік термопринтер сатып алынған. Сонымен қатар, 107,3 млн теңгеге екі автокөлік, бес сейф пен 50 стеллаж және тағы басқа тауарлық-материалдық құндылық сатып алынды.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, планшеттік компьютерлерді мемлекеттік сатып алу рәсімін жүзеге асыру кезіндегі 12,4 млн теңге көлеміндегі төмендетілген сома 2018 жылғы 7 желтоқсандағы облыстық мәслихат сессиясында бюджет кірісіне қайтарылды.

«Аталған техниканы мердігерлер көрсетілген мерзімде және толық көлемде жеткізілді», - деді полицейлер.
Өзгелердің жаңалығы