Полицейлер есірткі алқаптарын анықтау үшін ерекше әдіс пайдаланды

11 Қараша 2024, 15:32
366
Бөлісу:
Полицейлер есірткі алқаптарын анықтау үшін ерекше әдіс пайдаланды
Фото: Арман Мухатов - архив

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев ел аумағында ұйымдастырылған "Қарасора - 2024" операциясының қорытындысы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Алекешевтің сөзінше, есірткіге қарсы күрес операциясына тек есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері  емес, "Сұңқар", "Бүркіт" арнайы бөліністерінің жауынгерлері, тікұшақтармен пилотсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды.

Ұлттық ұланның (МИ-171) екі тікұшағының көмегімен Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарының аумақтарында, яғни жалпы ауданы 600 мың шаршы шақырымға жуық жерде әуе барлауы жүргізілді. Бүкілі 42 ұшу жүзеге асырылды. Жалпы салмағы 3 тонна болатын 15 мыңнан астам "үнді" және "голланд" қарасораның бұталары жойылды. Яғни, айналымға есірткінің 166 мыңнан астам бір реттік дозасы жіберілмеді, - деді Алекешев "Қарасора - 2024" кең ауқымды операциясының қорытындысы бойынша өткен брифингте.

Спикердің сөзінше, тәркіленген қарасоралардың нарықтағы орташа құны - 7,5 млрд теңге.

12 күдікті, оның ішінде іздеуде жүрген бір қылмыскер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екі атыс қаруы тәркіленді. Жамбыл облысының Шу ауданында 380 гектардан астам алқапта 100 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды. "Қарасора" операциясы кезінде синтетикалық есірткі өндіретін 15 есірткі зертханасы анықталды. Олардан 55 кг синтетика және 3 тонна түрлі прекурсор тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады, - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда әлеуметтік желі арқылы есірткі сатқан қылмыстық топ ұсталғанын жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы