Полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды

6 Қаңтар 2020, 20:10
6956
Бөлісу:
Полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәртіп сақшыларының жылдам әрекеті мен жүйелі жұмысының арқасында өзіне-өзі қол салмақшы болған 24 жастағы талдықорғандық құтқарылды.

Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Қаңтардың 6-на қараған түні облыс орталығының Полиция басқармасына қалада салынып жатқан 16 қабаттық құрылыстан ер адам секірмекші деген хабарлама түскен. 


"Қаратал" шағын ауданына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары 24 жастағы азаматтың аты-жөнін анықтап, қайғылы жағдайдың алдын алу шараларын қабылдады.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары 24 жастағы тұрғынның отбасылық жағдайына қатысты талаптарын тыңдады. Сол жерге жігіттің жақындары шақырылып, оның қауіпсіз жерге өтуі қамтамасыз етілді. Сараптама нәтижесі бойынша оның мас екені анықталды, - деп атап өтті облыстық ПД баспасөз қызметі.

Алдын ала тергеу бойынша азаматтың отбасылық түсінбестіктен кейін құрылыстың ең биік тұсына шыққаны белгілі болды. Қалалық полицейлер азаматқа оқиғаның қандай салдары болатынын түсіндіріп, оны үйіне жіберді.

Өзгелердің жаңалығы