Полицейлер бір ай бұрын із-түзсіз жоғалған келіншекті іздеп тапты

28 Наурыз 2022, 14:24
1202
Бөлісу:
Полицейлер бір ай бұрын із-түзсіз жоғалған келіншекті іздеп тапты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып, халықаралық іздеу жарияланған келіншекті тапты, деп жазады Tengrinews.kz.

Түркістан облысы Сауран ауданында полиция бөліміне жоғалып кеткен келіншектің анасы арызданған. Ол қызы ауруханаға кететінін айтып, үйден шығып, із-түзсіз жоғалып кеткеніне шағымданған.

Оны іздеп табу үшін Түркістан облысы ПД басшысы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов тапсырма беріп, бұл деректі жеке бақылауына алды. Түркістан облысы ПД басшысының орынбасары Құрманбек Саховтың басшылығымен тәжірибелі полицейлер іздеді. Қалалық және аудандық полиция департаменті бөлімдерінің қызметкерлері атсалысты.

Тараз, Қызылорда, Шымкент және Алматы полицейлері де іздеу жұмыстарына кіріскен болатын. Келіншекке халықаралық іздеу де жарияланды.

Нәтижесінде, Назым Алдаш Жамбыл облысының Жаңатас қаласынан табылды. Полицейлер Назымның азаматтық жұбайымен бірге болғанын анықтады. Қазіргі уақытта жас келіншектің үйінен кетіп қалған себебі тексеріліп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында із-түссіз жоғалып кеткен келіншекке халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлаған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы