Полицейлер алаяқтық жасаған ер адамды анықтады

5 Ақпан 2022, 14:06
1632
Бөлісу:
Полицейлер алаяқтық жасаған ер адамды анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Ол арызында танысы «Мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз кәсіпкерлік гранты» бойынша 583 000 теңге ақша шығарып беремін деп, сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 200 000 теңге ақшасын алғанын және осы күнге дейін ол азаматтың алдап жүргенін көрсеткен, деп хабарлады ТО ПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚК-нің 190-бабы, яғни «Алаяқтық» бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Жетісайлық  тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы алаяқтық  жасаған азаматты анықтауға қажетті шараларды ұйымдастырды. Жинақталған ақпарат көздерінің нәтижесінде, күдікті азаматтың жүрген жері анықталып, Жетісай АПБ-ға жеткізілді.  Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.                      

Тексеру кезінде күдіктінің бұдан бөлек тағы бір жетісайлық тұрғыннан алаяқтық жолмен 150 000 теңге ақша алғандығы белгілі болды. Осылайша алаяқ ер адам, жәбірленушілерден алған  қаражаттарын жеке басының пайдасына жұмсап  жіберген, - деп хабарлады ТО ПД баспасөз қызметі.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға, яғни жұмысқа орналастырып беремін, несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді. Егер сіз, алаяқтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыз.

 

Өзгелердің жаңалығы