Полицейге пара бермек болған 7 адам сотталып кетті

14 Желтоқсан 2023, 09:31
1063
Бөлісу:
Полицейге пара бермек болған 7 адам сотталып кетті
Фото: Арман Мухатов - архив

Жол полициясы қызметкерлеріне пара бермек болған 7 адам сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласының Прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының заңнамасында пара алумен қатар пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Биыл жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмау үшін жол полициясы қызметкерлеріне пара беруге оқталған 7 жүргізуші сотталды. Полиция қызметкерлерінің осындай әрекеттер заңсыз екендігі және оған қылмыстық жауапкершілік көзделгендігі туралы ескертуіне қарамастан, пара берушілердің заңсыз әрекеттері тоқтаған жоқ. Қылмыстық кодекстің 367-бабының санкциясына сәйкес мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенгеннен алпыс еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы